Сіздердің назарларыңызға 2022-2024 жылдарға арналған Павлодар ауылының азаматтық бюджет жобасы ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:
- бюджеттік процестің заңнамалық базасын;
- бюджеттік процестің сызбасы;
- Павлодар қалалық бюджетінің жоспарлануы.
2022-2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.