Сіздердің назарларыңызға, 2022-2024 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:
- ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
- «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджет түсімдері мен шығыстары;
2022 жылғы 26 мамырда № 138/19 Павлодар қалалық мәслихатының сессиясында бекітілген және 2022-2024 жылдарға Жетекші ауылының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстерімен қалыптастырылған 2022-2024 жылға арналған ауыл бюджеті.