Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы
Кенжекөл ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
«ҚазақстанРеспубликасындағысайлаутуралы»ҚазақстанРеспубликасыКонституциялықЗаңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Павлодар қалалықаумақтықсайлаукомиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кенжекөл ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағының шекарасында Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
2. Осы қаулы сайлау округінің шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып,Павлодар қаласы әкімдігінің сайтындағы Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Saryarka Samaly» мен «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінде жариялансын.
Төраға З. Мұқашева
Хатшы Л. Кузьменкова