Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы
Кенжекөл ауылдық округінің әкім сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кенжекөл ауылдық округінде Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың 24 шілдесіне тағайындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылдың 24 шілдесіне тағайындалған Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы Павлодар қаласы әкімдігінің сайтындағыПавлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Saryarka Samaly» мен «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінде жариялансын.
Төраға З. Мұқашева
Хатшы Л.Кузьменкова