Сіздердің назарларыңызға Ленин кентінің 2021 ─ 2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылған, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды: - кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;
- "Ленин кенті әкімінің аппараты« мемлекеттік мекемесі бюджетінің түсімдері мен шығыстары.
- Ленин кенті бюджетінің атқарылуы туралы есеп.
Кенттің 2021 - 2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Ленин кентінің 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 563/74 сессиясында бекітілді.