Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде бұдан әрі Тараптар деп аталатын Павлодар қаласы әкімдігі, «Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша анағұрлым ауқымды және іргелі жұмыстарды бастау қажет деп есептейді.
Осыған байланысты Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде, әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2020 − 2022 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2020 − 2022 жылдарға арналған осы қалалық келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.