Сіздердің назарларыңызға 2021-2023 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінің азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді:
- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін;
- Павлодар қалалық бюджетінің түсімдері мен шығыстарын;
2021-2023 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған және Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 552/73 сессиясында бекітілген.
2021 жылғы 30 маусымдағы № 46/5 Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» № 552/73 шешіміне өзгерістер енгізілді.