Мойылды ауылының 2020 - 2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Сіздердің назарларыңызға Мойылды ауылының 2020 - 2022 жылдарға арналған азаматтық бюджетінің болжамды көрсеткіштері ұсынылған, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.

Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:

- бюджеттік процестің сызбасы;

- жергілікті бюджетті әзірлеу процесі;

- бюджетті атқару жөніндегі нормативтік құқықтық база;

- Мойылды ауылы бюджетінің түсімдері мен шығыстары.

Мойылды бюджетінің 2020 - 2022 жылдарға арналған жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2020 - 2024 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 1457/3 қаулысымен мақұлданды.

Мойылды ауылының 2020 ─ 2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
21 октября 2019