Сіздердің назарларыңызға бөлім бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтитын «Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің 2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылған.
Бөлімнің бюджеті қалалық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» №462/61 шешімімен бекітілген.
Бөлімнің бюджеттік бағдарламалары басшының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 10-1-04/69 бұйрығымен бекітілген.