Сіздердің назарларыңызға бөлім бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтитын «Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған.
Бөлімнің бюджеті «Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» №462/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қалалық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 27 сәуірдегі №462/64 шешімімен бекітілген.
Бөлімнің бюджеттік бағдарламалары басшының 2020 жылғы 29 ақпандағы № 10-1-04/13 бұйрығымен бекітілген.