Сіздің назарыңызға Мойылды ауылының 2020 ─ 2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған, онда негізгі индикаторлар, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:
- бюджеттік процестің заңнамалық негіздері;
- бюджеттік процестің сызбасы;
- Мойылды ауылы бюджетінің кірістері мен шығыстары.
Мойылды ауылының 2020 - 2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және салық кодексіне және Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 455/62 шешіміне сәйкес құрылды. Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 463/64 шешіміне Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы “Павлодар қаласының 2020-2022 жылдарға арналған кентінің, ауылдық, округтің және кейбір ауылдарының бюджеті туралы” №455/62 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.