Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

  1. Павлодар қаласының әкімдігі 2026 жылғы 31 тамызда Павлодар қаласы, Кривенко көшесі 25, 523-кабинет мекенжайы бойынша өтетін жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттар пакеттері (маршруттар) қойылады:

          - №1 лот: сыйымдылығы орташа № 14 автобус маршрутының пакеті;

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді мына мекенжай бойынша ұсынады: Павлодар қ. Кривенко к-сі 25, 523-каб.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы «17» тамыз.
  4. 2026 жылғы 3-тамызда конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
  5. Анықтама алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87755430182
Дата публикации
28 июля 2026