Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті оның қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.
Іскерлік стиль – кертартпалық, қатаңдық және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Бұл тігінді таңдауға – түстерге, пішімге, сол сияқты аксесуарларға да қатысты. Барлығы айқын және анықталған болуы тиіс – формасы, сызығы және силуэт.
Іскерлік стильдің басты қағидалары:
– минималдылық;
– бөлінбеушілік шеберлігі;
– іскерлік ахуалдың кез келген жерінде үйлесімді көріне білуі – жұмыс уақытында офисте, конференц-залдағы байсалды келіссөздерде және т.б.
Киімге қойылатын негізгі талаптар – ұқыптылық, мұнтаздылық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы. Киімдер көлем бойынша ерекшеленуі мүмкін, яғни іс-қимылға кедергі жасамауы тиіс, сондай-ақ байсалды көрінуі қажет.
Киімдердің түстері классикалық стилге сәйкес келуі тиіс, тым ашық шұбар түстілер қолдануға болмайды. Костюм мен көйлекке сәйкес келетін түстер – ашық немесе қоңыр түстер. Киімге үш негізгі түстен көп түстілерді бірдей қолдану ұсынылмайды.
Мемлекеттік қызметшілердің киімінде жұлынған немесе жартылай жұлынған түймелердің болуына, қыртысталған костюм, ескірген жейде, дұрыс тағылмаған галстук, тазаланбаған аяқ киім, спорттық немесе пляждық стилдегі киім және аяқ киімдер, шолақ шалбарлар, ашық сарафандар, теннискалар, спорттық жемпірлер, кроссовкаларды киюге жол берілмейді.
Іскерлік стиль шалбар мен пиджактан тұратын немесе белдемше мен пиджактан тұратын костюмды, пиджак, жилетка, шалбар немесе белдемшеден тұратын тройка костюмды шамалайды.
Әйелдің киіміне пальто, көйлек, жакет, кардиган, жилет, белдемше мен шалбар, сондай-ақ нымшалар жатады. Ерлер киімінің ассортиментіне көйлек, классикалық стильдегі шалбар, пиджак, жилет, костюм және т.б. жатады.
Мемлекеттік қызметшілерге – әйелдерге ашық нымшалар, кең ойылған көйлек, қысқа белдемшелер, дене пішінін тартып тұратын шалбарлар кию ұсынылмайды.
Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері барынша аз аксесуарларды қалайды және киімнің қатаңдатылған, ұқыпталған және барынша азайтылған әрлеуден тұрады.
Сонымен қатар, аталған талаптар ұсыным ретінде жасалған және соңғы шешімді мемлекеттік қызметшінің өзі Әдеп кодексінің талаптарына сай қабылдауы тиіс.