Павлодар

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Павлодар қаласы Мойылды ауылының шығып қалған әкімінің орнына сайлау туралы

 

Павлодар қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының 

2020 жылғы «8» шілдедегі

№ 1 қаулысымен

бекітілді

 

 

2020 жылғы 14 тамызға белгіленген Павлодар қаласы Мойылды ауылының шығып қалған әкімінің орнына сайлауды дайындау және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

 

1. Павлодар қаласының Мойылды ауылы тұрғындарының назарына  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарландыруды жеткізу.

 

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

2020 жылғы 9 шілде

                                                                  (3-т.)**

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

2020 жылғы 10 шілде

                                                              (13-б. 4-т.)*

 

3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті Павлодар қаласы әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

 

 

Қала әкімі.

Сайлауға 30 күн қалғанда –  2020 жылғы 15 шілдеде басталып, 25 күн қалғанда 2020 жылғы 20 шілдеде аяқталады.

                                                                 (3-т.)**

 

4. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

 Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы тиісті Павлодар қалалық мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс беруге 7 күн қалғанға дейін  –  2020 жылғы 7 тамызға дейін.                                                                                                            

                                                                                                      (10-т.)**

 

5. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында қойылған талаптарына сәйкес болуын белгілеу, тиісті хаттама жасау.

 

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үш күн ішінде.

                                                                (3-т.)**

 

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2020 жылғы 1 шілде айына табысы мен мүлігі туралы декларация тапсыру.

 

                                    Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

                                    Кандидат тіркелгенге дейін.

 

 

                                                                    (3-т.)**

 

7. Кандидат және оның зайыбының (жұбайының) кірісі мен мүлкі туралы декларациясының анықтығын тексеру.

 

Салық органдары қызметі.

Кандидат және оның зайыбының (жұбайының) декларация алғаннан кейін 7 күн ішінде.

                                                                                (3-т.)**

 

8. Кандидатты тіркеу және оған тиісті куәлік беру.

 

                                                          

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және дауыс беруге  15 күн қалғанда аяқталады – 2020 жылғы 30 шілде.

                                                                (4, 6-т.)**

 

9. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе басқа да әдістермен кандидаттардың тіркелуі туралы хабарлама жасау.

 

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тіркегеннен кейін 7 күннен кешіктірмей.

                                                                 (5-т.)**

 

10. Кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және тиісті куәлік беру.

 

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірген адамдардың тізімін тіркеуге берген сәттен бастап.

                                                 (7-т.)**

 

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшін келісім-шарт негізінде үй- жай беру.

Кандидаттардың берілген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Жергілікті атқару органдары және жергілікті өзін өзі басқару органдары.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде.

                                             (7-т. ** және 28-б.)*

 

12. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу.

 

 

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары.                                                            

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады да, сайлау басталатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады – 2020 жылғы 31 шілдеден 2020 жылғы 12 тамызға дейін.

                                                        (28-б.)*

 

13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

 

 

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өтініш түсірген сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 ж. 19.08. № 7/8 қаулысы)    

(9-т.)**

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша есеп-шоттарын ашу.

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидатты тіркегеннен кейін.

(9-т.)**

15. Дауыс беруге арналған орынды ашу, тиісті хаттама жасау.

                                                            

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

2020 жылғы 14 тамыз күні дауыс беру басталардан  бір сағат бұрын.

                                                             (10-т.)**

 16. Әкім сайлауын өткізу.  Дауысты санау және әкім сайлауы бойынша дауыс беру қорытындысын жариялау, әкім сайлауының қорытындысы туралы хаттама жасау.

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

2020 жылғы 14 тамызда бір күннің ішінде.

 (10-т.)**

17. Сайланған әкімді тіркеу. Жоғарғы әкімге және тиісті мәслихатқа шешімді ұсыну.

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.           

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімі ішінде – 2020 жылғы 18 тамыздан кешіктірмей.

 (11-т.)**

18. Кандидаттың сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беру.

 

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындысын анықтағаннан кейін 5 күннен кешіктірмей - 2020 жылғы 19 тамыздан кешіктірмей.

 (9-т.)**

19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындысы туралы хабарлама жариялау және сайланған әкімді тіркеу.

 

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей – 2020 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей.

(11-т.)**

       

Ескертпе: Күнтізбелік жоспар мәтінінде сілтеме берілген:

*  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы;

**  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1-бабы.

Документы
Қаулы
30 июня 2025
«Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 818/2 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қаулы
28 октября 2024
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 507/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Баспасөз-хабарлама
19 октября 2023
«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
«Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2022 жылғы 18 қарашадағы № 1861/3 «Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы»
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы