Павлодар қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 ж. 28 тамыздағы
қаулысымен бекітілген
Павлодар қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының жанындағы
Жас сайлаушылар клубы туралы
ереже
- Жалпы ережелер
- Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі - Клуб) жас азаматтардың, сайлау процесіне қатысушылардың еркін бірлестігі болып табылады және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес және Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс регламенті негізінде құрылады.
Осы Ереже Клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
- Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Павлодар ҚАСК) мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
- Клуб туралы Ереже Павлодар ҚАСК қаулысымен бекітіледі.
- Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
- Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
- Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас азаматтарды консультациялық-әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша заманауи тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау және олардың бастамаларын қолдау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
- Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары
- Клубқа студенттер, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар қатыса алады. Клубқа қатысу тегін.
- Клуб қатысушылары клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
- Клуб жетекшісі сайлау комиссиясының мүшесі болып табылады.
- Клуб мүшелері құқылы:
1) Павлодар қаласының сайлау комиссияларының мүшелеріне ұсыныстармен жүгінуге;
2) Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге жататын Клуб қатысушыларының өзге де пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға міндетті.
- Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
- Клуб өз қызметін түрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырады: дөңгелек үстелдер, кездесулер, пікірталастар және ұжымдық өзара іс-қимылдың өзге де нысандары.
- Іс-шараларды Клуб басшысы жылдық жоспар бойынша өткізеді.
- Павлодар ҚАСК Клуб жұмысын үйлестіреді және әдістемелік көмек көрсетеді, оның ішінде отырыстарды дайындау бойынша.
- Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстарды өткізуді ұйымдастыруды Павлодар ҚАСК мүшелері жүзеге асырады, оның ішінде:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) Клуб қатысушыларын отырыс өткізілгенге дейін бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде отырыстың күні мен күн тәртібі туралы хабардар етеді;
3) Клуб отырысының хаттамасын, оның ішінде фото-, аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді;
4) Клубтың өткізілген отырысы туралы ақпаратты және өзге де материалдарды әлеуметтік желілерде орналастыруға құқылы.
- Қорытынды ережелер
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Павлодар ҚАСК қаулысымен енгізіледі.
- Клубтың қызметі Павлодар ҚАСК төрағасының шешімімен тоқтатылады.