
Павлодар қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) Павлодар қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі және оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;
3) Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
1) Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7176 болып тіркелген) шешім;
2) Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 89/12 «Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25762 болып тіркелген) шешім.
|
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы |
|
К. Кожин |
|
Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №133/15 шешіміне 1-қосымша
|
Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
|
р/р № |
Арнайы орын |
Шекті толу нормасы |
|
1. |
Алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1 |
1000 адамнан артық емес |
|
2. |
Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Астана көшесінен «Конституция» тынымбағы бойымен Конституция алаңы, 1 «Естай атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін |
1000 адамнан артық емес |
|
3. |
Алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы |
1000 адамнан артық емес |
|
4. |
Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін |
1000 адамнан артық емес |
|
5. |
Алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139 |
300 адамнан артық емес |
|
6. |
Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан академик Бектұров көшесі, 139 бойынша «Сүт» акционерлік қоғамының объектісіне дейін |
300 адамнан артық емес |
|
7. |
Алаң, Павлодар қаласы, «Гагарин» атындағы саябақ, Ворушин көшесі |
300 адамнан артық емес |
|
8. |
Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан «Гагарин» атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан картинг аумағы объектісіне дейін |
300 адамнан артық емес |
|
Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №133/15 шешіміне 2-қосымша
|
Павлодар қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі және оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
|
Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №133/15 шешіміне 3-қосымша
|
Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілерінде жол берілмейді.