Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы қызметінің басымдығы, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Бұл тұрғыда, көрсетілетін қызметті берушілер органдарының заңсыз әрекеттерінен туындайтын жүйелі проблемаларды шешуге ерекше назар аударылады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істер Департаменті Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органы тарапынан жер қатынастары саласында көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын бұзудың жаппай жағдайларын анықтады.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қызметінің нәтижесі жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі не қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болуға тиіс.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, жергілікті атқарушы орган белгіленген талаптарды орындаудың орнына іс жүзінде "бас тарту" қызметін көрсетпестен аралық жауаптар берді.
Мысалы, С. азаматша Павлодар қаласының аумағында жер учаскесін алу үшін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органға жүгінді.
Осы уақытта, қызмет нәтижесін берудің орнына көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге оның өтініші кейінірек қаралатыны туралы аралық жауап жіберді.
Департамент әрекет еткеннен кейін С. азаматшаның құқықтары қалпына келтірілді, оған жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы қаулы берілді.
Кінәлі лауазымды адамдар, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші органының басшысы әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, 2023-2024 жылдар аралығында 480-ден астам ұқсас жағдайлар орнатылды.
Қазіргі уақытта, Департаменттің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті беруші азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдады.
Департамент жанында 208506 сенім телефоны жұмыс істейді, оған азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған проблемалық мәселемен, сондай-ақ «Уәкілетті органға жүгіну» бөліміндегі «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы Telegram мобильді қосымшасында шағым беру арқылы жүгіне алатынын атап кету керек.