Бюджет

Сіздердің назарларыңызға Мойылды ауылының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінің (жобасының) болжамды көрсеткіштерін ұсынамыз, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы мәліметтер қамтылған.

Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:

-бюджеттік процесс схемасы;

- жергілікті бюджетті әзірлеу процесі;

-бюджетті атқарудың нормативтік құқықтық негіздері;

-Мойылды ауылының кірістері мен шығыстары.

Мойылды ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Павлодар қалалық мәслихатының  2023 жылғы 28 желтоқсандағы «Павлодар қаласы кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 113/12 шешімі.

Азаматтық бюджет
Дата публикации
14 февраля 2024