GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Все материалы
Тұрғындармен кездесулер
17 июля 2026
Кент тұрғындарымен есептік кездесу

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Атамекен кентінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Кездесу барысында жол инфрақұрылымын дамыту және кентті абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жолдарды жазғы күтіп-ұстау аясында 20 аялдама павильонына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 1 295 шаршы метрді құрайтын автомобиль жолдарына шұңқырларды жөндеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, жол белгілерін жөндеу және орнату, жасанды жол кедергілерін орналастыру, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жол таңбаларын салу жұмыстары орындалды.

Болашақ көшесіндегі кентішілік жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, Макажанов көшесіндегі тротуар қалпына келтірілді. Алтынсарин және Молдағұлова көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жобалары бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды, сондай-ақ Байтұрсынов және Панфилов көшелері бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Кентті абаттандыру аясында 18 балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Абылай хан көшесінде жаңа балалар ойын алаңының негізі дайындалды, ал Ғарышкер көшесінде заманауи ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша Хасар Хабылбеков Атамекен кентінің жол инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
04 июня 2026
Электрмен қамтамасыз ету желілерінің ағымдағы жөндеуі

 «Строй - Классик ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымымен Атамекен кентінде Енбекшинская және Панфилов көшелері бойынша КТП-17 ВЛ-0,4 кВ сыртқы электрмен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
04 июня 2026
ЖЖК және жол белгілерін орнату

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында мердігер ұйым «АВТОДОРСИГНАЛ» ЖШС тарапынан жол белгілерін орнату, жол таңбаларын жаңарту және жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
04 июня 2026
Жолдарды орташа жөндеу

«ПФК Гордорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымымен Болашақ көшесі жолдарының орташа жөндеуі жұмыстары жүргізілді

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
11 сентября 2025
Жолдарды орташа жөндеу

«Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымымен Олжабай батыр көшесі жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
18 августа 2025
Шөп шабу

«АZIKE» ЖШС мердігерлік ұйымымен шөп шабу жұмыстары жалғасуда

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
12 августа 2025
Аялдама павильондарын орнату

«Фантазия» ЖШС мердігерлік ұйымымен Мақажанов көшесінде 2 аялдама павильонын орнату жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда «Амбулатория» мен «Пошта» аялдамалары. Бұл бағытта жұмыстар жалғастырылуда. Ағымдағы жылда тағы 3 аялдамасын орнату бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
21 июля 2025
Айдагольская көш. балалар ойын алаңы орнатылды

«Мерей & LTD» ЖШС мердігерлік ұйымымен Айдагольская көшесінде балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілді. Барлығы ағымдағы жылда 2 балалар ойынын орнату жоспарланды. Бірінші балалар ойын алаңы Мақажанов көшесінде маусым айында орнатылды. 

Алаң заманауи ойын элементтерімен жабдықталған және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
Балалар үшін жайлы және қауіпсіз орта құру-біздің кентімізді дамытудың басымдықтарының бірі.

Кентіміздің тұрғындарынан қоғамдық орындардағы дүние-мүлкіне қамқорлық жасауды сұраймыз. Кентті абаттандыру тек әкімдіктің қолында ғана емес, әрқайсымыздың ұқыпты қарауымызда.

 
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
21 июля 2025
Ғарышкер көшесінің жолдарын орташа жөндеу

«Universal Klas» ЖШС мердігерлік ұйымымен Ғарышкер көшесінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы
09 июля 2025
Средний ремонт дороги по ул. Макажанова

ТОО «NBS construction» мердігерлік ұйымымен Мақажанов көшесіндегі 2 қабатты үйлер аумағында жолдарды орташа жөндеу және ішкі аулалық аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы