Атамекен кенті әкімі аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін жария талқылау қорытындылары туралы есеп
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Атамекен кенті әкімінің аппараты өткен 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары бойынша есепті жұртшылықтың назарына ұсынады.
Есепті кезеңде Атамекен кенті әкімінің аппаратымен 401 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет (10 акр) онлайн-режимде көрсетіледі. Есепті кезеңде 393 өтініш түсті.
Баламалы негізде қағаз нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетілді, олар "электрондық үкіметтің" веб-порталы, Мемлекеттік корпорация немесе серіктес ұйымдар арқылы да алынуы мүмкін:
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату - 3 қызмет.
Тікелей байланыссыз «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — 5 қызмет.
Есепті кезеңде бұзушылықтар болған жоқ.
Әкім аппараты тұрақты негізде көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде халықпен тікелей байланысын төмендету мақсатында 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Атамекен кентінде «Open Atameken» жобасы іске асырылды.
«Open Atameken» фронт-офисінің базасында әкімдік мамандары тұрғындарға «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс істеу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді.
Мемлекеттік қызметтер туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында атқарушы органдар интернет-ресурстардағы ақпаратты жаңарту және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.