GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
02 июля 2025
ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

2025 жылғы 8 шілдеден бастап облыстық басқармалар азаматтарды жеке қабылдау мен кеңес беруді Генерал Дүйсенов көшесі, 80 (Қалалық саябақтың жанында) мекенжай бойынша жүргізеді.

Азаматтар кез келген мемлекеттік органға өз өтініштерін ыңғайлы жағдайда жолдай алады, түрлі кеңестер мен қызметтер алып, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады.

Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 09:00–18:00, түскі үзіліс – 13:00–14:00.

 

Сұрақтарыңыз бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7182) 65-10-50, 87021661661.

 

Мекенжайы: Павлодар қ., Генерал Дүйсенов көшесі, 80.

 

Орталыққа мына қоғамдық көлікпен жетуге болады:

  • Автобус аялдамалары: «Диагностикалық орталық» – № 3, 11, 11А, 18, 27, 126 бағыттары үшін;
    «ОӘД» – № 1, 5, 21, 22 бағыттары үшін.
  • Трамвай аялдамасы: «Естай» – № 1, 5, 6, 12, 13, 14 бағыттары үшін.

 

 

19 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

2025 жылғы 2 маусымнан 15 шілдеге дейін "Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

15 мая 2024
Павлодар облысында 2024 жылы күтіп-ұстауды субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту туралы

 

10 ноября 2023
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» №36/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релиз

 «Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» №36/1 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы»

Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына

баспасөз-релиз

 Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» №36/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі (әрі қарай – Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің                   қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 590 қаулысына, Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы «Туризм                  саласындағы функцияларды беру туралы» № 244/3 қаулысына сәйкес дайындалды.

Жобаны қабылдау басқарманың құзыретін айқындау үшін қажет.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 09 қарашада орналастырылды, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық Кеңеске ұсыным алу үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жолданды.

орынд: Бутенов С.С..

61-93-82

 

09 октября 2023
«Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» жоспарланған жобасына мүдделерін білдіруді сұрау

«Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» жоспарланған жобасына мүдделерін білдіруді сұрау

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.                      2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 18-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлағаны туралы хабарлайды.

Жоба мыналарды көздейді:

1) жобаны іске асыру саласы – дене шынықтыру және спорт;

2) жоба іске асырылатын орын – Павлодар қаласы, «Достық» шағынауданы;

3) Мұз сарайының болжалды техникалық-экономикалық параметрлері.

- Мұз аймағы: конькимен сырғанау трегі 400 м, өлшемі 60 х 30 м еуропалық стандарттағы хоккей қорапшасы, өлшемі 56,0 х 26,0 м канадалық стандарттағы хоккей қорапшасы;

- 2500 отыратын орынға есептелген көрермендер мінберлері;

- Мұз аймағының спортшыларына арналған киім ауыстыратын бөлмелер.

- Әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар.  

- Киім ауыстыратын бөлмелері бар фитнес залы

- Құрғақ шынығуға арналған зал

- Фудкорт

4) құрылыс кезеңі – 24 ай

5) пайдалану кезеңі – кемінде 60 ай

6) жобаның мақсаты мен міндеттері – Павлодар қаласының «Достық» шағын ауданында Мұз сарайын салу спортшылар үшін ыңғайлы жағдай жасап, сондай-ақ кәсіби деңгейдегі сапасы жоғары және қауіпсіз жарыстарды қамтамасыз етеді;

7) Бюджеттен көзделетін төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 9-бабы, 2-тармағының 1)-тармақшасы негізінде Қызметтерді жүзеге асыру.

Ұсыныстар мүдделерін білдіру сұрауын жариялаған сәттен бастап бір ай ішіде Павлодар облысы, Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, 170-құрылыс, мекенжайы бойынша тел. 87182619400, эл.пошта: pavlodaroblsport@mail.ru 2023 жылғы 9 қарашадан кешіктірмей қабылданады. Жауапты тұлға: «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің басшысы Әсел Ержанқызы Қожанова.

 

 

 

 

 

 

06 октября 2023
«2024-2025 жылдарға арналған Павлодар облысында спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релиз

 

«2024-2025 жылдарға арналған Павлодар облысында

спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы»

Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына

баспасөз-релиз

 

 

Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «2024-2025 жылдарға арналған Павлодар облысында спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі (әрі қарай – Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы                                  20-5) тармақшасына сәйкес дайындалды.

Жобаны қабылдау Павлодар облысында спортты дамыту үшін қажет.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 06 қазанда орналастырылды, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық Кеңеске ұсыным алу үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жолданды.

орынд: Бутенов С.С..

61-93-82

 

 

 

 

 

27 июня 2023
ЖТІТ көпшілік алдында талқылануы

Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен «Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 Үлгілік базалық бағытын (бұдан әрі-4-ҮББ) жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-ЖТІТ) жасалды.

ЖТІТ көпшілік алдында талқылануы 2023 жылғы 5 шілдеде 10.00. сағатта Павлодар қ, Қайырбаев к., 23 (мәжіліс залы) өткізіледі.

18 мая 2023
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

«Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 Үлгілік базалық бағытын (бұдан әрі-4-ҮББ) жүзеге асыру шеңберінде облыс басқармаларымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-ЖТІТ) жасау кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорта басқармасы» ММ-де ЖТІТ өткізілу мерзімі маусым айы.

ЖТІТ нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалады, ол «Easy Platform» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын болады.

20 апреля 2023
«Е - Өтініш» платформасының жұмысын түсіндіру

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

 

Соңғы уақытта «Е - Өтініш» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына мемлекеттік қызметтер көрсетуге халықтан өтініштердің келіп түсу фактілері жиілеп кетті.

Естеріңізге сала кетейік, «Е - Өтініш» платформасының функционалы өңір халқына мемлекеттік қызметтерді тіркеу және көрсетудің бизнес-процестерін көздемейді.

Сондай-ақ, ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабына сәйкес ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жарнамасы бар ұсыныстар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер есепке алынбайды.

Жоғарыда аталған ерекшелікке мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО) және (немесе) оның қызметкерлерінің өз кезегінде «Е - Өтініш» жүйесінде дереу тіркеуге және қарауға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселелері туралы азаматтардың өтініштері жатады.

Бүгінгі күні облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтердің 174 түрін көрсетеді, оның 160 түрі электрондық форматта көрсетіледі, көп жағдайда электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді «Электрондық Үкімет» порталы және оның онлайн сервистері арқылы, сондай-ақ «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің салалық порталдары жұмыс істейді, атап айтқанда:

- денсаулық сақтау саласында - «ДамуМед», «ИнфоМед» порталы және мобильді қосымшасы;

- білім беру саласында - «Балабақша», «Индиго», «Е-Портфолио» платформалары;

- халықты жұмыспен қамту саласында - «enbek.kz» электрондық еңбек биржасының порталы;

- әлеуметтік қорғау саласында - «aleumet.egov.kz» әлеуметтік қызметтер порталы;

- лицензиялау және рұқсаттар саласында - «Е-Лицензирование» порталы;

Құрметті облыс тұрғындары, егер сіз мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктеме алғыңыз келсе немесе мемлекеттік органдардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданғыңыз келсе, онда сіз «Е - Өтініш» порталы арқылы жүгінуіңіз қажет.

Мемлекеттік қызметті алуға өтініш беру үшін сізден «Электрондық үкімет» веб-порталын немесе тиісті онлайн-платформаларды пайдалануды сұраймыз.       

 

           

18 октября 2022
2022 жылғы 22 қазанда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін азаматтарды Бірыңғай қабылдау күнін өткізу жоспарланған

Баспасөз Анонсы

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

2022 жылғы 22 0азанда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Павлодар қаласы Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҰАҚ филиалының Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №3 бөлімінің ғимаратында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізу жоспарланған.

Азаматтар дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы толғандыратын сұрақтарға жауап ала алады.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы