Әлемдік экономиканы дамытудың заманауи жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып қалуда. Туризм бюджетке салық түсімдерінің түсуі, жұмыс орындары санын ұлғайту, инвестициялар түсімі есебінен экономиканың басты секторларының дамытылуына үлесін қосуда (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай қолданылатын тауарларды өндіру).
Павлодар облысының қолайлы географиялық жағдайы бар және айтарлықтай табиғи-рекреациялық ресурстар мен табиғи әртүрлілікке ие бола отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуеті бар.
Өңірде ішкі және келу туризмін дамыту бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, басым бағыттардың бірі жыл бойғы режимге ауысу болып табылады. Туристік әлеуетті дамыту мақсаты туристер санын арттыру болып табылады.