Облыс, Екібастұз қаласының, Баянауыл ауданының, Ақкөл және Тереңкөл аудандарының қоғамдық кеңесінің азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырысында басқармалар мен әкімдіктердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері қаралды.
Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Е. Ергебаев, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, дін істері, дене шынықтыру және спорт, еңбек, цифрлық технологиялар жөніндегі басқармаларының, Екібастұз қаласы, Баянауыл ауданы, Тереңкөл және Аққулы аудандары әкімдіктерінің аппарат басшылары тыңдалды. Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша басқармалар мен әкімдіктерге салалық Министрліктерге тиісті хаттарды жинақтау және одан әрі бастамашылық ету үшін өз ұсыныстарын облыс әкімдігіне жіберу ұсынылды.