«Павлодар облысының
дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының
2022 жылғы «24» маусымдағы
№ 151
бұйрығымен бекітілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында:
1) заңдылық ұстанымын, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;
2) жеке сипаттағы мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және өзге тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
3) дау-жанжалды туындататын кез келген мүмкіндікке жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің жүзеге асырылуын қиындататын іс-әрекеттерге (іс-әрекетсіздіктерге) жол бермеу;
5) жеке мүліктік және мүліктік емес пайдасына қол жеткізу үшін өзінің лауазымдық өкілеттігін немесе сонымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;
6) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсау, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы, үнемді және өзге құзыретті амалдарын қолдану;
7) үнемі өзінің біліктілігі мен кәсіпқойлығын жетілдіру, жалпы мәдениет деңгейін арттыру;
8) қызметтік бабын асыра пайдалануға, әдепсіздік, жөнсіз төрешілдік танытуға жол бермеу;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, қажетті шаралар қабылдау;
10) өтінішпен жүгінген азаматтардың абыройы мен намысын құрметтеу.
3.2. өзінің құзыреті аясында басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау барысында:
1) кәсіби этиканы сақтау;
2) кейбір тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға әрекеттену мақсатында жүгінгені жайында басшылыққа және уәкілетті органға хабарлау;
3) еңбек тәртібін мүлтіксіз орындау, билікті тиімді жүргізу, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
4) жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалына тәуелсіз болу;
5) жеке сипаттағы мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және өзге тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
6) мүдделер қайшылығына жол бермеу, туындаған жағдайда оларды жою бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау.
3.3. нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу кезінде қызметші:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық құқық нормалары заңнамасына қайшылықтарды анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуі;
2) мемлекеттік және өзге органдар мен ұйымдардың білім беру саласындағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ескеруі;
3) нормативтік құқықтық актілер жобасы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қозғаған жағдайда, оны қауыммен міндетті талқылай отырып, әзірлеуі тиіс.
3.4. өмір қызметі саласындағы ерекшелікке байланысты туындайтын өзге өзара қарым-қатынас жасау барысында:
1) заңмен қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік қарастырылған қылмыс пен өзге құқықбұзушылықтарға жол бермеу;
2) қарамағындағы қызметшілерге қатысты негізсіз кінә тағуға, әдепсіздік, адамгершілік абыройын қорлау фактілеріне жол бермеу;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында негізделген және сенімді мәліметтер ғана ұсыну;
4) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті, автокөлік құралдарын қосқанда, тиімді, оңтайлы және қызметтік мақсаттарда ғана пайдалану;
5) ұжым арасында іскерлік өзара қарым-қатынас орнатуға және нығайтуға септігін тигізу;
6) қызметтік міндеттерін тиімді пайдалану үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
7) қызметін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес жүзеге асыру;
8) қызмет әдептілігін ұстану;
9) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды болдырмау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қабылдау, жазбаша түрде мүлтіксіз жоғары тұрған басшыға, уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлау.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметшіге: