Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалы анықтамасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізудің

талдамалы анықтамасы

 

 

  1. Нормативтік құқықтық негіз
  2. «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын және басқаларды басшылыққа алады.

 

  1. СТІТ жүргізу туралы бұйрық, жауапты тұлғалар

Басқарманың 2022 жылғы 28 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 102 бұйрығы, 2022 жылғы мамыр – 2022 жылғы мамыр аралығы, басқарманың 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 101 бұйрығымен бекітілген мына құрамдағы комиссия:

-     Нұрлан Абайұлы Есембаев, басқарма басшысының орынбасары;

-     Жанар Дүйсембайқызы Омарбекова, қаржы-экономикалық бөлім басшысы;

-     Анар Шейхисламқызы Рысмағамбетова, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы;

-     Олег Викторович Кольев, спорт бөлімінің басшысы;

-     Айнұр Мейрамқызы Қоспақова, бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің басшысы;

-     Игорь Викторович Веретнов, Облыстық футбол федерациясының Президенті;

-     Виктор Николаевич Бондарь, триатлон бойынша облыстық федерациясының Президенті.

 

  1. Есептік кезең

Алдында СТІТ 2021 жылдың сәуірінде жүргізілді.

Ағымдағы СТІТ 2021 жылғы мамыр – 2022 жылғы мамыр аралығындағы кезең үшін жүргізілді

СТІТ жүргізу барысында мына міндеттер бойынша талдау жүргізілді:

 

1: Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Есептік кезең ішінде Басқарма 1 нормативтік құқықтық актіні әзірледі, оның ішінде құқықтық сараптамаға жіберілгендер:

- 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне – 1 құжат.

- 2022 жылы Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне – 1 құжат.

Нәтижесінде 3 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 3 ұсыным берілді. Оның ішінде, назарға алынып, ескерілгені 3 ұсыным.

 

2: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың ішкі құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Есептік кезең ішінде 20 құжат қаралды (Басқарма туралы ереже, бөлім ережелері, Лауазымдық нұсқаулықтар).

«Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Ережесі облыс әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы № 36/1 қаулысымен бекітілді. Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы                                1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 Қаулысына сәйкес әзірленді.

Ережедегі функциялар Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалды.

Басқарма ережесі, соның ішінде, басқарма функциялары, қызмет мәні мен мақсаттарының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

3: Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың штат саны – 15 бірлікті құрайды.

Оның 1 бірлігі – бос.

Кадрлардың алмасуына талдау жүргізу 2021 жылғы 1 мамыр –                       2022 жылғы 1 мамыр аралығында 4 адамның қызметінен босатылғанын көрсетті:

2021 жылғы 17 мамыр, басқарма басшысы, D-O-1 санаты (квазимемлекеттік секторға ауысуына орай, өз қалауы бойынша);

2022 жылғы 1 ақпан, қаржы-экономикалық бөлімнің бас маманы, D-O-4 санаты (көшуіне байланысты, өз қалауы бойынша);

2022 жылғы 18 ақпан, спорт бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты                        (жекеменшік секторға кетуіне орай, өз қалауы бойынша);

2022 жылғы 25 сәуір, спорт бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзылуынан көрініс тапқан тәртіптік қылықты жасағаны үшін

Тәртіптік практикаға талдау жүргізу барысында 2021 жылғы 1 мамыр – 2022 жылғы 1 мамыр аралығында Мекемеде 2 тәртіптік жазаның қолданылғаны анықталды, соның ішінде:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) 6-тармағының 5) тармақшасын, 10-тармағын бұзудан көрінген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің бас маманына (А. Қ. Ақылжановқа) атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасағаны үшін басқармадағы қызметінен босату фактілері жоқ.

Қызметкерлердің жеке істері, соның ішінде, біліктіліктің берілуімен, жоғары немесе кәсіби және техникалық білімнің бар-жоғын растайтын құжаттар (дипломдар) тексерілді, тексеру барысында қызметкерлердің барлығы тиісті саладағы уәкілетті органдардың белгіленген нормативтік құқықтық актілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды.

Басқарма спорт саласындағы 29 ұйымға қатысты басқару органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу бөлігінде ведомстволық қарасты ұйым қызметкерлерінің жеке істері тексерілді.

Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеуге тыйым салуға қатысты қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеру басқарма қызметкерлері мен 29 ведомстволық бағынысты ұйымдарды жүз пайыз қамти отырып, ҚР БП жанындағы ҚСжАЕК «Арнайы есепке алу» АЖ арқылы жүргізілді.

«Арнайы есепке алу» ААЖ дерекқорына сәйкес басқарма қызметкерлерінің ешқайсысының қылмыстық қылмыстар үшін соттылығы не өтелмеген соттылығы жоқ, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер жоқ.

Ішкі талдау барысында лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.

Алайда, ведомстволық бағынысты ұйымдарға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын бұза отырып, жұмысқа орналасу фактілері анықталды.

«Павлодар қаласының №1 БЖСМ» КММ-де жұмыс істейтін, бұрын ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша соттылығы болған тұлғалар анықталды, сот күні 2002 жылғы 20 тамыз (күзетші болып жұмыс істейді) және ҚР ҚК 259-бабы 1-бөлігі бойынша үкімнің заңды күшіне енген күні 1999 жылғы 13 желтоқсан (жаттықтырушы болып жұмыс істейді).

Жұмыс берушіге қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес шаралар қабылдау ұсынылды.

Осылайша, 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартылған және 2021 жылы жұмысқа орналасқан адам анықталды («Ертіс» ОРМБЖМ).

Бұдан басқа, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар өздерінің өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Ішкі талдау барысында жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдағаны анықталды.

Сондай-ақ, ішкі талдау барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының талаптарын бұзған адамдардың жоқ екендігі анықталды (жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу)

Тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар:

  1. Адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін бұрын сотталған қызметкерлерге қатысты шаралар қабылдау.
  2. ҚР БП жанындағы ҚСжАЕК «Арнайы есепке алу» АЖ бос лауазымға үміткерді тексеруден кейін ғана еңбек шартын жасасу;
  3. ҚР БП жанындағы ҚСжАЕК «Арнайы есепке алу» АЖ-нде жұмыс істейтін қызметкерлерге тоқсан сайын мониторинг жүргізу;
  4. Мемлекеттік қызметшілер әдебін және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау.

Конкурстық рәсімдер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейі учаскелерінің бірі тұлғаларды бос лауазымдарға қабылдау рәсімі болып қала береді.

Облыс әкімі D-O-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты жұмыс беруші болып табылатындықтан, 2021 жылы басқарма басшысының бос әкімшілік лауазымына конкурстық іріктеуді Павлодар облысы әкімінің аппараты өткізді.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап бос әкімшілік лауазымды иеленуге арналған конкурстық рәсімдерді Павлодар облысы әкімі аппаратының жанындағы Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүргізеді.

Ішкі талдау барысында 2021 жылғы 1 мамырдан бастап 2022 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде Басқарманың конкурстық комиссиясы кәсіпорын басшысының бос лауазымына орналасуға 2 конкурстық іріктеу өткізгендігі анықталды.

Конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурс (немесе басшының бұйрығы) өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықты (тамыр-таныстық, отбасылық) беру фактілері анықталған жоқ.

 

4: Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болуына, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басқарма басшысымен үлестес болуына, кадрларды алмастыру себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан босатуға (лауазымын төмендетуге), жақын туыстарының, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен жұмысына, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бар-жоғына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізді

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

5: Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін немесе бар болса, осындай қызметтерді анықтау.

Басқарма мына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынады:

  • Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу;
  • Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру
  • Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру;

4) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру

2021 жылы – 1353 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынылды, соның ішінде, дәлелді бас тартулар – 113.

2022 жылғы есептік 1-тоқсан ішінде 404 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынылды, соның ішінде:

401 (қаңтар – 88-і ХҚКО ЫАЖ арқылы, 3-еуі – веб-портал арқылы; ақпан – 155-і  ХҚКО ЫАЖ арқылы, 6-ы –веб-портал арқылы; наурыз – 139-ы ХҚКО ЫАЖ арқылы, 10-ы –веб-портал арқылы) – «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша, соның ішінде дәлелді бас тартулар – 28 (25-і ХҚКО ЫАЖ арқылы, 3-еуі веб-портал арқылы);

3 – «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша, соның ішінде 2 дәлелді бас тарту;

Сонымен қатар, басқарманың ведомствоға қарасты ұйымдары мына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынады:

5) «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары ұсынады. (Анықтама ретінде: облыста Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ қызмет етеді).

Аталған қызмет жеке тұлғаларға қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылады.

Есептік кезең ішінде 18 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынылды (қаңтар - 10, ақпан - 3, наурыз – 5).

6) «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері ұсынады және жеке тұлғаларға қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылады.

2022 жылдың 1-тоқсаны ішінде ведомстволық қарасты ұйымдар 729 мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынды (қаңтар - 65, ақпан - 393, наурыз – 271),  соның ішінде, 3 дәлелді бас тарту.

2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Басқарма ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде 2022 жылғы сәуір айында «Ақтоғай ауданының БЖСМ» КММ-нде 1 тақырыптық бақылау жүргізді.

Ағымдағы кезең ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

ХҚКО ЫАЖ және Мониторинг ИАЖ базасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.

Алайда, ведомстволық қарасты ұйымдар ұсынатын қызметтердің барлығы жеке тұлғаларға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы емес, ал қызметті берушінің кеңсесі арқылы ұсынылатындығын атап кеткен жөн.

Осыған орай, аталған жағдаят сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін.

Жою жөніндегі ұсыныстар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында басқарма көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасын алып тастауды және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді қалдыруды ұсынады.

Бұл түзету қызмет көрсетушілер мен жеке тұлғалардың байланысын болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ спорт саласындағы цифрландыру деңгейін арттырады.

 

6: Рұқсат беру және келісу функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  • ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы, 1-тармағының 20-4)-тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді.

Заңның аталған нормасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы «Павлодар облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай үлес мөлшерін бекіту туралы» № 353/6 қаулысы қабылданды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5699 болып тіркелді).

Талдау барысында қабылданған нормативтік құқықтық акт арқылы алдында қабылданған нормативтік құқықтық актінің (Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай үлес мөлшерін бекіту туралы» № 125/4 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 болып тіркелді)) 1)               ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы, 1-тармағының 20-4)-тармақшасының талаптарына сәйкес келмегендіктен, күші жойылды деп танылды.

Қабылданған нормативтік құқықтық акт қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарына сәйкес келеді, мүдделі тұлғалардың, соның ішінде қоғамдық кеңесте келісуден өтті және әділет органдарында тіркелді.

Алайда, заң жүзінде ай сайынғы ақшалай үлесті төлеу, тоқтата тұру және тоқтату тәртібін реттейтін, Спортшыларға ай сайынғы ақшалай үлес төлеу қағидалары анықталмағандықтан, құқықтық ағаттық бар, бұл өз кезегінде біржақты шешім қабылдауды қиындатады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін.

Облыс дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Қағидаларды әзірлеу өтініші бар хатты бірнеше мәрте жолдады (соңғы хат 2020 жылғы 21 қазандағы шығ. № 22/2-07/986).

Дегенмен, Министрлік тарапынан аталған мәселені шешу бойынша шаралар қабылданған жоқ.

Тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің назарын спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай үлес төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту қажеттілігіне аударған жөн.

  • Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А. Саинмен өзара іс-қимыл жасай отырып, ЖАО қаражаты есебінен спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін енгізді.

Қазіргі сәтте спорт секцияларын қаржыландырудың нақты механизмі жоқ.

Балаларды «artsport.edu.kz» сайтында тіркеген кезде олардың тұлғасын ЖСН бойынша сәйкестендіру жүзеге аспайды, бұл «өлі жандар» деп аталатындардың пайда болуына ықпал болады (ойдан шығарылған ЖСН және жеке деректер тіркеледі).

Оқу-жаттығу процесін тәрбиеленушілердің спорт секцияларына нақты баруы тұрғысынан тексеру мүмкіндігі жоқ, бұл өнім берушілерге олардың қатысуын бұрмалауға мүмкіндік береді.

Балалармен сабақтар жүйесіз өткізіледі, нақты міндеттері мен спорттық нәтиже көрсеткіштері бар бекітілген даму жоспарлары жоқ. Спортпен айналысуға және оқытушылар құрамына арналған үй-жайларға қойылатын егжей-тегжейлі пысықталған нормативтік талаптар жоқ.

Көрсетілгендердің барлығы бюджет қаражатының мақсатсыз қолданылуына әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген проблемалық мәселелер жобаның және мемлекеттік органдар, оның ішінде басқарма беделінің түсуіне әкелуі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне туғызуы мүмкін.

Тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар:

  1. Балаларды даярлау процесіне мемлекет тарапынан міндетті жүйелі бақылауды енгізу;
  2. Үй-жайлар мен оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты негізделген өлшемшарттарды бекіту;
  3. Бекітілген стандартқа сәйкес спорт түрлеріне байланысты жасы бойынша балалардың сабақтарға кіруі жөніндегі шектеулерді анықтау.

 

7: Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік органның қызметін реттейтін «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына сәйкес Басқарма бақылау және қадағалау функцияларына ие.

8: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

9: Қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабында айқындалған тұлғаларды қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында басқарма қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының декларацияларды ұсынуына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша басқарманың барлық қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды, сондай-ақ кіріс пен мүлік туралы декларацияларды тапсырғаны анықталды.

1)   Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13-бабын іске асыру мақсатында Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына облыс дене шынықтыру және спорт басқармасына ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор басшыларына ЖШС, ЖК, меншіктегі сенімгерлікпен басқарудың, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы акциялары және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүліктер бар-жоғы туралы мәліметтерді, сондай-ақ кірістер туралы тапсырылмаған декларациялар туралы мәліметтерді (аталған фактілер бойынша тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылуын көрсете отырып) алу мақсатында сұрау жолданды

Алынған 2022 жылғы 26 мамырдағы № 1539 жауапқа сәйкес басқарма қызметкерлері жеке кәсіпкер және шаруа қожалығы ретінде тіркеу есебінде тұрған жоқ, сонымен бірге, басқарма қызметкерлері активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды уақтылы ұсынды.

Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Баянауыл және Май ауданы БЖСМ басшыларының кәсіпкерлік қызметпен айналысуын (шаруа қожалығының болуы) анықтады.

Қазіргі уақытта бұзушылықтар жойылды, басшылар айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  • Сондай-ақ, қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мыналар анықталды:

Басқарманың қызметтердің түрлі ақылы түрлерін ұсынатын, КМҚК (коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын) және КММ (коммуналдық мемлекеттік мекеме) ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы ведомстволық бағынысты 29 кәсіпорны бар.

Алайда, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер спорт саласындағы ұйымдардың ақылы қызметті ұсыну тәртібін реттемейді.

Өз кезегінде бұл жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

Жою бойынша ұсынымдар:

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық мемлекеттік сатып алуларын орталықтандыру ұсынылады.

 10: Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді не өзге де реттелмеген көрсетілетін қызметтерді анықтау

Басқарма ұсынатын функциялар арасында жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер не өзге де реттелмеген көрсетілетін қызметтер – анықталған жоқ.

Қосымша:

- жұмыс тобын құру туралы бұйрықтың көшірмесі;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесі.

 

 

Дата публикации
10 июня 2022