2020 жыл ішінде спорт бойынша
облыстық бюджетті игеру туралы
ақпарат
Спорт бағдарламалары бойынша облыстық бюджеттің атқарылуы 6363118,2 мың теңгені құрады, жоспар бойынша 6363439,0 мың теңге немесе 100,0%, еңбекақы төлеу қоры бойынша – 223,9 мың теңге, өзге үнем – 96,95 мың теңге үнемге байланысты, 320,85 мың теңге игерілмеген.
Облыстық деңгейдегі спорт жарыстарын өткізуге 12450,0 мың теңге жұмсалды, жоспар бойынша 12451,0 мың теңге немесе 100%. «Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу» бағдарламасы бойынша 2588035,7 мың теңге немесе 100%-ы игерілді. Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысушылар саны 500-ден астам адам, республикалық жарыстарда жүлдегерлер мен жеңімпаздар 428 адам, халықаралық 64 адам, әртүрлі спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының құрамына кіретін, ай сайын ақшалай қаражат алатын облыстың перспективалы спортшыларының саны 95 адам, облыстың құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды медициналық қамтамасыз ету жүргізілді - 1783 адам. 5 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КММ, «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» ММ, «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КМҚК, «Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша спорт клубы» КММ, «Жоғары спорт шеберлік мектебі» КМҚК.
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы спортта дарынды балаларға жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжінде 370 оқушының оқытылуы қамтамасыз етілді. Жоспар бойынша 716889,0 мың теңге, 716880,8 мың теңгесі немесе 100 %-ы игерілді.
«Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша 898776,0 мың теңге, жоспар бойынша 898667,1 мың теңге немесе 100%-ы игерілді. Спорттық объектілер мен құрылыстар желісіне барлық меншік нысанындағы 3519 бірлік, оның ішінде ауылда - 1962 бірлік кіреді. Олимпиадалық резервтің 4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызмет етеді (3900 бала). 2020 жылы облыс спортшылары республикалық жарыстарда 428 медаль (173 алтын, 118 күміс, 137 қола) жеңіп алды. Халықаралық жарыстарда - 64 медаль (23 алтын, 14 күміс, 27 қола). 2020 жылы облыста барлығы 66421 адамның қатысуымен, 617 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде ауылдық жерлерде 24360 адамның қатысуымен, 312 іс-шара өткізілді.
«Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 19047,4 мың теңге немесе 100%-ы игерілді.
«Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша жоспар 654442,0 мың теңге болғанда, 654437,3 мың теңге немесе 100%-ы игерілді.
Ішкі қарыздар есебінен 60381,9 мың теңге игерілді:
- 60381,9 мың теңге - "Солтүстік-қалалық" қосалқы станциясынан №767 ТП дейін, "Орталық-қалалық" қосалқы станциясынан №767 ТП дейін, Қайырбаев к-сі, 87, «Жоғары спорт шеберлік мектебі» КМҚК-ның 10 кВ кабельдік желісін ауыстыру.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен-497026,6 мың теңге – оның ішінде:
- 150657,0 мың теңге - Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 87, "Жоғары спорт шеберлік мектебі" КМҚК-ның "Астана" Мұз сарайы ғимаратының шатырын күрделі жөндеу;
- 169979 мың теңге - "Футбол бойынша «Ертіс» ОРМБЖМ" КМҚК-ның Орталық стадионының футбол алаңын күрделі жөндеу;
- 140488 мың теңге - "Футбол бойынша «Ертіс» ОРМБЖМ" КМҚК-ның Орталық стадионының жүгіру жолдарын күрделі жөндеу";
- 17967,6 мың теңге - Павлодар қ., Короленко, 9/2, "№2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КМҚК-ның ғимаратының қасбетін күрделі жөндеу;
- 17935 мың теңге-Павлодар қ., Короленко, 9/2, "№2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КМҚК ғимаратының тақтай еденін күрделі жөндеу.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 97028,8 мың теңге, оның ішінде:
- 11369,8 мың теңге "Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" КММ-де оқу әдебиетін, компьютерлік техниканы сатып алуға игерілді;
- 15838,5 мың теңге "Футбол бойынша «Ертіс олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КМҚК-ға спорттық құрал-жабдықтар, тренажерлар сатып алуға, стадионды күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге игерілді;
- 4416,0 мың теңге "№2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КМҚК спорт залдарына арналған кондиционерлер, қар жинайтын машина, көгал шөп оратын машина, шаңсорғыш сатып алуға, сондай-ақ күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге игерілді.
- 703,0 мың теңге бактерицидті шамдар, жылу пушкалары, музыкалық орталықтар сатып алуға "№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КММ игерілді.
- 557,5 мың теңге компьютерлік техниканы сатып алуға "Олимпиадалық резервті даярлау орталығы" КММ игерілді.
- 62722,0 мың теңге "Жоғары спорт шеберлік мектебі" КМҚК "Астана" мұз сарайына видеокубты, сондай-ақ ауабаптағыштарды, су жылытқыштарды, компьютерлік техниканы сатып алуға игерілді.
- 1422,0 мың теңге компьютерлік және ұйымдастыру техникасын сатып алуға "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" КММ игерілді.