2021 жылға жоспарланған шығыстар туралы ақпарат

2021 жылға жоспарланған шығыстар туралы ақпарат

 

2021 жылы бұқаралық спортты дамытуға 95278,0 мың теңге бөлінді. 2021 жылға арналған спорттық, мәдени-бұқаралық, сауықтыру іс-шаралары мен негізгі облыстық жарыстардың күнтізбесі 290 спорттық іс-шараны көздейді.

Жоғары жетістіктер спортын дамытуға республикалық және халықаралық 1160 іс-шараға қатысу үшін 2255995 мың теңге бөлінді.

Келешегі бар спортшыларға ай сайынғы ақшалай қаражат есебінен 149117,0 мың теңге қарастырылған. Әр түрлі спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының құрамына кіретін, 2021 жылға жоспар бойынша ай сайын ақшалай қаражат алатын облыстың спортшыларының саны 129 адам (оның ішінде мүгедек спортшылар 65 адам).

Кәсіби спортты дамытуға 1186372 мың теңге бөлінді, оның ішінде: шайбалы хоккей – 336458 мың теңге, баскетбол – 68968 мың теңге, бокс – 73586 мың теңге, әйелдер волейболы – 135000 мың теңге, ерлер волейболы-122400 мың теңге, футбол-449960 мың теңге.

"Жұлдыз" футбол орталығын дамытуға 296432 мың теңге бөлінді. БЖСМ және ОРМБЖСМ ұстауға 3804071 мың теңге, оның ішінде қалалар мен аудандардың БЖСМ ұстауға 2261905 мың теңге көзделген.

2021 жылы Павлодар облысының туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" КМҚК-ның ұстауға 91557 мың теңге; Павлодар облысының туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасының "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" КММ – 83410 мың теңге; Павлодар облысының туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасының "Қайырбаев атындағы ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша спорт клубы" КММ - 86712 мың теңге; Павлодар облысының туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасының "Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" КММ - 690421 мың теңге. Педагог қызметкерлердің жалақысын 50 пайызға арттыруға 705206 мың теңге көзделген.

2021 жылы туризмді дамытуға 42775,0 мың теңге көзделген.

Дата публикации
11 января 2021