Бөлінген және қысқартылған бюджет қаражат туралы
ақпарат
«Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» 003бағдарламасы бойынша іс-шараларды өткізуге 2020 жылы 935 495 мың теңге бөлінді, 1160 іс-шара жоспарланған, секвестрлеуден кейін 292 іс-шара қалды.
«Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» 002бағдарламасы бойынша іс-шараларды өткізуге 2020 жылы 81 795 мың теңге бөлінді, 290 іс-шара жоспарланған, секвестрлеуден кейін 50 іс-шара қалды.
2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты карантиндік шараларға байланысты Қазақстан Республикасынан тыс жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына шығу тоқтатылды, Павлодар облысының аумағында спорттық жарыстар өткізу және Павлодар облысы спортшыларының республикалық, халықаралық, облыстық, қалалық және аудандық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуы тоқтатылды, осыған байланысты ҰОК-да аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, 003бағдарламасынан 686 896 мың теңге секвестрленді (868 іс-шара алынып тасталды), 002 бағдарламадан 67 922 мың теңге (240 іс-шара алынды).