Ахметжанов Қайрат Майданұлы
«Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.
Общая информация, образование
1974 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысы Ертіс ауданының С. Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар: 1996 жылы Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын «ауыл шаруашылығы құрылысы» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «кеден ісі» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақстан құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «құқық» мамандығы бойынша, 2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, ал 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Карьера
1996–1999 жылдары жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Содан кейін еңбек жолын мемлекеттік қызмет саласында жалғастырды. Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде, Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы, Көліктік бақылау инспекциясының Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдан 2024 жылға дейін «Еңбек-Павлодар» филиалының директоры және «ҚАЖсервис» ЖШС Павлодар облыстық филиалының директоры лауазымдарын атқарды.
2024 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.