GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Майский район
Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
15 октября 2026
Күзгі әскерге шақыру мәселесі бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 14 қазанда Май ауданы әкімінің орынбасары О.Н. Темірболатованың төрағалығымен азаматтарды 2026 жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Ақсу және Май аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы Нұрсұлтан Ақашұлы, ауылдық округтердің әкімдері мен бас мамандары, сондай-ақ Май ауданының полиция бөлімінің өкілі қатысты.

Кеңес барысында күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын үйлестіру және тиісті іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

15 октября 2026
Құрметті Май ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

 

Назарларыңызға сайлаушылар тізімдері жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасалатынын жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні тіркелген жерінен тыс жерде болуды жоспарлаған азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (2026 жылғы 29 қазаннан кешіктірмей) Май ауданының әкімдігіне (мекенжайы: Көктөбе ауылы, Абылай хан көшесі, 34, 8-кабинет) өтініш беруі қажет.

Бұл құқықты төмендегі азаматтар пайдалана алады:

- дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтыны алдын ала белгілі азаматтар;

- жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алып, жатақханадан тыс жерде тұратын басқа өңірден келген студенттер;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

Сайлауына қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдерінің барынша дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында Май ауданында Call-орталық жұмыс істейді. Сіз 8 (718 38) 91193 телефонына қоңырау шалу немесе WhatsApp қосымшасы арқылы 8 771 2514490 нөміріне хабарлама жіберу арқылы сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз және ондағы деректердің дұрыстығы туралы ақпарат ала аласыз.

Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

09 октября 2026
Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарады.

Қабылдау барысында:

  • ФОК-тың жұмысына қатысты;
  • Қауымдастық жұмысын жандандыру;
  • Неке туралы куәлікке қатысты мәселелер көтерілді.

Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірулер беріліп, жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

📞 Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылу үшін:

8 (771) 251-44-90

8 (71838) 9-11-07

09 октября 2026
Май ауданында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті өкілдерінің жұмыс сапары өтті

2026 жылғы 8 қазанда Май ауданына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы М.Б. Әбілдин және «Қала құрылысы кеңесі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Н.А. Қайрденова жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында аудан әкімдігі аппаратының активі және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізіліп, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Сонымен қатар азаматтарды қабылдау және ауданның мемлекеттік заңды тұлғаларында басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.

Сапар соңында өкілдер Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.

Әлеумет саласы
09 октября 2026
Құрметті Май ауданының тұрғындары! Қымбатты жерлестер!
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен бастап 19 қазанына дейін ауданда «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы басталды.
Айлықты өткізу кезеңінде мұқтаж азаматтарға, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, ең аз зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлерге, жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектігі бар тұлғалар мен зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз азаматтарға, жетім балаларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету қажет.
Қайырымдылық іс шараларға барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді, депутаттарды, мемлекеттік мекемелермен мен бюджеттік ұйымдарды, оқу орындарымен, жастар бірлестіктерін, қоғамдық ұйымдарды, еріктілерді, жеке тұлғаларды белсенді қатысуға шақырамыз.
«Бірге жасалған жақсылық – мың жүрекке жылу сыйлайды!» демекші, осы қайырымдылық акцияға белсенді қатысайық, ағайын!

07 октября 2026
Май ауданының әкімі ұстаздарды мерекемен құттықтады

Ұстаздар күніне орай май ауданының әкімі ауданның білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімі ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегін атап өтіп, білім саласының дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ұстаздарды «аудан алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және алғыс хатпен марапаттады.

Ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріне толағай жетістіктер тілеп, шәкірттерінің биігінен көріне берулеріне тілектестік білдірді.

02 октября 2026
Аудан әкімі қарттарды мерекемен құттықтады

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі ауданның ардагерлері мен қазыналы қарттарын мерекемен құттықтады.

Аудан әкімі аға буын өкілдерінің ел дамуына қосқан еңбегі мен кейінгі ұрпаққа көрсеткен өнегесін атап өтіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Мерекелік шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.

02 октября 2026
2026 жылғы 25 қыркүйек күні мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс дебаты ұйымдастырылып, өткізілді.

Май ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.

Пікірсайыс барысында қатысушылар өз білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, өз ұстанымдарын дәлелді түрде жеткізе білді. Қатысушылардың басым бөлігі пікірсайысқа алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан, олар өз ойларын еркін, ашық әрі қысылмай жеткізіп, белсенділік танытты.

Пікірсайыс барысында маңызды мәселелер көтеріліп, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жақсы ұсыныстар мен тың идеялар айтылды.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар табысталды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің шешендік өнерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өзекті мәселелерді еркін талқылауға мүмкіндік береді.

 

01 октября 2026
Жерлестерге жанашырлық – ізгі дәстүр

Әрбір игі іс — елге деген қамқорлықтың көрінісі,Адамға ерекше көңіл бөліп, қамқорлық пен мейірімділік танытудың маңызы зор осындай күндері жергілікті кәсіпкер, «МайАгро» ЖШС директоры Дулат Бекетов Майтүбек және Қаратерек ауылдарының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетті.,Қарттар күні мерекесіне және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында қарт азаматтар мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілді.,Қамқорлық белгісі ретінде көмек алушылардың әрқайсысына екі қаптан картоп табысталды. Қарапайым болғанымен, күнделікті тұрмысқа қажетті мұндай көмек отбасылар үшін аса маңызды әрі елеулі қолдау болып табылады.,Жергілікті аграрий осы ауылдардың тұрғындарына алғаш рет көмек көрсетіп отырған жоқ. Ол аталған ауылдарда картоп өсірумен айналыса отырып, жерлестеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.,Сонымен қатар, осы ерекше күні кәсіпкер тың игеру ардагері, тыл еңбеккері, ауылдың қадірлі тұрғыны, орден иегері, туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан азамат Владимир Вершининді де назардан тыс қалдырмады.,Владимир Кириллович Вершинин — көптеген ордендер мен медальдардың иегері, еңбек адамы әрі өскелең ұрпаққа лайықты үлгі боларлық азамат. Ардагерге көп жылғы еңбегі, өмір жолы және ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.,Мұндай кездесулер — аға буынға көрсетілген құрметтің белгісі, тарихи жадыны сақтау және өз еңбегімен туған өлкенің дамуына үлес қосқан адамдарға шынайы қамқорлық танытудың көрінісі., ,Осындай ізгі істер адам жүрегіне жылу сыйлап, үміт ұялатады және қиын сәтте қолдау көрсетуге дайын, жанашыр жандардың жанымызда екенін еске салады.,Дулат Бекетовке елге деген жанашырлығы, жомарттығы және жерлестеріне қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдырғаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!,Ізгі істеріңіз көпке үлгі болып, қайырымдылық пен қамқорлық дәстүрі жалғасын таба берсін!

30 сентября 2026
Қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді

Аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ашимов Нұрдан Абайұлы мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қызметтік міндеттерді адал орындау, мінез-құлық қағидаларын сақтау және азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Zoom бейнеконференциясы форматында ауылдық округтер әкімдерімен жеке кеңес өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды.

Белгіленген талаптарды сақтау мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

 

 

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы