Өңір басшысы «Ақсақалдар кеңесінің» мүшелерімен кездесті

Өңір басшысы «Ақсақалдар кеңесінің» мүшелерімен кездесті

Өңір басшысы аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы "Ақсақалдар кеңесі" мүшелерімен  кездесті.
Аталған кеңеске аудан бойынша әрбір ауылдық округтен өкілдер енгізіліп, осы жиында кеңес төрағасы және оның орынбасары сайланды.
Жиын барысында Ақсақалдар кеңесі аудан әкімі алдында бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Ақсақалдар қауымының атынан аталмыш кеңес тарапына аудандағы өзекті сұрақтарды қою, азаматтарға үлгі боларлық шараларға ат салысу бойынша ұсыныс енгізілді.