
1сәуір күні "Армандастар" жастар орталығының жанынан өңір басшысы Ә. Сқақовтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі А.Әміриннің қатысуымен "Жастарды қолдау орталығы" ашылды. Аталған орталықта халықты жұмыспен қамту орталығының маманы, білім беру саласының маманы және жұмыссыз жүрген жастарға кеңес беретін координатор маман қызмет көрсетеді. Жастарды қолдау орталығының негізгі мақсаты:
- жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- жастар бизнесін ашуға көмек;
- жастардың бос уақытын ұйымдастыру.
Орталықтың ашылу рәсіміне әр бөлім басшылары, жастар ісі және спорт бойынша әдіскерлер, колледж студенттері қатысты. Бүгіннен бастап орталықтағы қызметкерлер жеке сұрақтарымен жүгініп келген жастарға әрдайым қызмет көрсетуге дайын.
Сонымен қатар, "Жастарға керек" мобильді қосымшасы арқылы барлық қажетті ақпаратты алуға болады.