
Құрметті Май ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында 11 желтоқсан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өңір тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Өтетін орны - Көктөбе ауылы, Қазбек би көшесі, Көктүбек жәрмеңкесі.
Сіздер, әдеттегідей, өндірушілердің өнімдерін әлеуметтік бағамен ала аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге барған кезде санитарлық нормаларды сақтау керек – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысу керек.
Барлықтарыңызды азық-түлік жәрмеңкесіне шақырамыз!