
Көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі жол-көлік оқиғаларының орын алуына, адам өлімі мен материалдық шығын артуына әкеліп соғады. Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру, оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Автокөліктерді пайдаланудағы қауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі, оның өртке қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктердің өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында оларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет.
Көліктерді апаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн:
Автокөліктерде болған өрттерді талдау нәтижесінде, өрттердің шығуының басты себебі, автомобилдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйықталулар салдарынан болғандығы анықталды. Егер де автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек. Көліктерде электр тізбектерінде зауыттық үлгідегі қорғағыш қондырғысын пайдаланыңыздар.
Есте сақтаңыздар!
Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау- әркімнің міндеті мен борышы.
Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі