Балаңызды балабақша кезегіне қою үшін:
- kz порталының «Білім» бөлімінде «Мектепке дейін білім» бөлігіндегі « Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» деген қызметті таңдайсыз;
- Электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS арқылы авторизация жасайсыз;
- Жүйеге баланың қажетті деректерін енгізесіз;
- Қызметті ЭЦҚ көмегімен растайсыз.
Өтінім түсіргеннен кейін кезек нөмірі беріледі, ол сіздің жеке кабинетіңіз арқылы кезегіңіздің жақындағанын қадағалауға мүмкіндік береді. Кезегіңіз жақындаған кезде, келісіміңізді беріп, таңдаған балабақшаға жолдама алуыңыз қажет.