Egov.kz порталы арқылы баланың тууын тіркеу және куәлік алу үшін:
- Порталдың «Отбасы» бөлімінде «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін табу қажет;
- «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;
- Электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS арқылы авторизация жасайсыз;
- Ата-ана мен бала туралы ақпаратты толтырасыз;
- Қызметті ЭЦҚ көмегімен растайсыз;
- Өтінім қарастырылғаннан кейін, жеке кабинетке уақыт пен азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі көрсетілген хабарлама келеді;
- Белгіленген уақытта сіз туу туралы куәлікті алуға азаматтық хал актілерді тіркеу бөліміне барып, өзіңізбен бірге туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын, неке қию туралы куәліктің түпнұсқасын, ата-анасының жеке бас куәліктерінің түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін) ала баруыңыз қажет.