
Май ауданының «Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 2/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданы мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Осы Май ауданы мәслихатының «Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 2/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасының мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібін анықтау деп табылады.
Шешім жобасы қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.