
Медиация арқылы отбасы сақталды
Май аудандық сотына азаматқа А. талаппен жүгінді, ол соттан азамат А.мен некесін бұзуды сұрады. Себебі ерлі-зайыптылар арасында мінездері жараспай, бірін бірі түсінбеушілік, құрметтемеу пайда болған. Сонымен қатар талап қоюшы тараптар 2007 жылдан бастап некеде тұратындарын, және осы некеден кәмелет жасқа толмаған үш баласы барын көрсеткен.
Істі қарау барысында тараптар медиативтік келісім жасаған, соттан осы келісімді бекітуді және іс бойынша өндірісті келесі мәнжайлар бойынша қысқартуды сұрады , ерлі –зайыптылар отбасын сақтап қалғылары келеді, сондықтан талап қоюшы азамат А-мен отбасы болып өмір сүруге ниет білдірді, ал азамат А. әйелі сыйлауға , оған құрметшілік танытуға уәде берді.
Сот қаулысымен медиация тәртібіндегі келісім бекітілді, іс бойынша өндіріс қысқартылды. Талап қоюшыға неке қию туралы куәлік және мемлекеттік баж төлеген түбіртек қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Май аудандық сотының
Баспасөз қызметі