
Банктік қарыздар бойынша даулар соттан тыс тәртіпте шешілуге мүмкін
Май аудандық сотының төраға м.а. Е.Қалкен онлайн режимде соттан тыс тәртіпте дауларды шешу бойынша «дөңгелек үстел» өткізді, дөңгелек үстелге адвокат А.К.Тортаева және нотариус А.Б.Ускенбаев қатысты.
Төраға м.а. іс шараға қатысушыларға банк қарыздары бойынша даулар соттан тыс тәртіпте шешілуге жататын түсіндірді.
АПК-ң 148 бабы 1 бөлігі 6 тармағының талаптарына сәйкес, арызда егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар жаңа АПК-те даулардың соттылығы бойынша сұрақтар қатаңдатылған, оған сәйкес сотқа жүгінге дейін соттан тыс тәртіпте дауды шешу рәсімі өткізілуі тиіс.
Дауды сотқа дейін шешу тәртібі- ол тараптар арасында туындаған дауды сотқа жүгінгенге дейін шешу жолы.
«Нотариат туралы» Заңның 92-1 бабына сәйкес, борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды. Атқарушылық жазбаны жасау, егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделмесе, борышкер орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындаған кезде, орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындау фактісін нотариус растаған кезде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ісшараға қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбына қатысты көкейтесті сұрақтарды талқылады, өздерінің ұсыныстарын айтып, оларды шешудің тиімді жолдарымен алмасты.
Қайнар көз:
Май аудандық сотының
Баспасөз қызметі