Тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу үшін:
- egov.kz порталы → «Денсаулық сақтау» → «Медициналық көмек» → «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» бөлімінде «онлайн сұрау» батырмасын басасыз;
- Бірінші қадамда кімді тіркейтініңізді (балаңыз/ өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпарат енгізесіз;
- Медициналық ұйым атауын және дәргеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
- Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;
- Енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз.
Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.