Тіркеудің екі түрі бар, бұл тұрақты және уақытша.
Онлайн форматта тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін:
- egov.kz порталы → «Азаматтық, миграция және иммиграция»→ «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімін таңдайсыз;
- Өз қажеттілігіңізге байланысты «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» немесе «Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу» қызметтерінің бірін таңдайсыз.
- Ашылған өтінішті толық толтырасыз (тіркеуге тұратын үйдің мекен-жайы, үй иесі жайлы мәлімет) және электронды қолтаңбаңызды қолданасыз;
- Үй иесінің (үй иелерінің) келесімін аласыз;
- Үй иесі келесімін бергеннен кейін 10 минут ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәліметіңіз өзгереді.