
1) Басқаға берудің айрықша құқығын беру туралы шарт
Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша бір тарап екінші тараптың өнеркәсіптік меншік объектісіне өзіне тиесілі айрықша құқығын толық көлемде немесе ішінара береді.
2) Лицензиялық шарт.
Лицензиялық шарт бойынша зияткерлік қызмет нәтижесіне немесе дараландыру құралдарына айрықша құқығы бар тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) зияткерлік қызметтің тиісті объектісін уақытша пайдалану құқығын береді.
3) Франчайзингтің кешенді лицензия шарты.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиар) сыйақы үшін айрықша құқықтар кешенін, атап айтқанда, лицензиаттық фирмалық атауын және қорғалатын ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ (тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, патент және т.б.) кәсіпкерлік қызметте пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін қоса беруге міндеттенеді.
4) Кепіл шарты
Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтарды кепілге беру шарты бұл өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықты иеленуші бір тарап, екінші тарап, алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, борышкер кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемені орындамаған жағдайда кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің құнына қанағаттандыруға құқылы болатын шарт.
Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасы