
Май аудандық сотымен азамат К-қа қатысты ӘҚБтК-ң 669 бабы бойынша әкімшілік іс қаралған. (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)
Істің мәні: Май аудандық сотының қаулысымен 10 маусым 2020 жылы жеке кәсіпкер К., ӘҚБ-ң 251 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылған, және оған қатысты мемлекет пайдасына 4 745 189 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
14 шілде 2020 жылы нақты қаулы заңды күшіне енген.
20 қараша 2020 жылы мемлекеттік сот орындаушысы А.С.Байзакованың қаулысы негізінде атқару өндірісі қозғалған, ол туралы борышкер К хабардар болған және сот актісін орындамаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылатыны ескертілген. Бірақта, жазбаша түрде бірнеше мәрте жауапкершілік туралы ескертілгенмен, борышкер қазіргі күнге дейін оны орындамаған.
Сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаған лауазымды тұлға, Павлодар ауданаралық аумақтық сот орындаушылар бөлімнің сот орындаушысы К.М.Матаев хаттамада көрсетілген мәнжайларды түсіндіріп, борышкер К. ұзақ уақыт сот актісін орындамағанын атап көрсетті.
Сот отырысында құқық бұзушы К. өзінің жасаған құқық бұзушылығы бойынша кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді.
Әкімшілік іс құжаттарын зерделеп, құқық бұзушы К-ны, азамат К-ң кінәсі толық дәлелденді деген прокурордың қортындысын тыңдап, сот оның сот актісін орындамауға қатысты кінәсі толық дәлелденді деп санайды.
Сот азамат К-ны ӘҚБтК-ң 669 бабына көрсетілген кінәсі толық дәлелденді деп санап және оған қатысты 61 257 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.