
Май аудандық сотымен ЖК Ш.-ға қатысты ӘҚБтК 200-бабы 3-бөлігі (Этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) бойынша әкімшілік іс қаралды.
«Арлан» атты ЖК Ш.-ның «Арлан» дүкенінде алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңмен тиым салынған уақытта «Антивирус» атты көлемі 0,5 литрлі, күштілігі 40% құрайтын бір шөлмек арақты Май ауданы Малайсары ауылында орналасқан «Арлан» атты дүкеннен азамат Ц-қа сатқан.
Сот отырысында ЖК Ш. құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Айыппұл сомасын төмендетуді сұрады.
Сот қаулысымен ЖК Ш. ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылды және алкогольөнімін сату лицензиясының қолданысын бір айға тоқтатумен және 81 676 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.