Майский район

Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы атқарылған сот жұмысын қорытындылау баспасөз-конференциясы

Май аудандық соты төрағасының м.а. Е.Қалкен, судья Г.Хамитованың, аудан прокуроры А.Тезекбаевтың, аудан прокуратурасының прокуроры Р.Рахманбергеновтың,  аудандық полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары Е.Ақкезеновтың, сот мамандарының, қорғаушы және жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Шамшырақ» газетінің тілшісі Әбу Жарқынұлының қатысуымен 2020 жылдың Май аудандық сотының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын онлайн-режимінде өткізді.

      Пресс – конференция барысында сот төрағасының м.а. Е.Қалкен өткен жылдың есеп беру кезеңі бойынша статистикалық мәліметтерді, сотпен  22 қылмыстық, 177 азаматтық және 162 әкімшілік іс қаралғаны туралы айтып өтті.

      Тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібінде 47 іс қаралған, оның ішінде 11 қылмыстық, 12 азаматтық және 24 әкімшілік іс қысқартылған.

      Сот төрағасының м.а. Е.Қалкен уақыт талабына сай, барлық соттарда белсенді түрде «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі іске қосылып,  олар арқылы электрондық түрде 179 талап арыз және 162 әкімшілік істер тіркелген. Сонымен бірге, сот өндірісіне 18 қылмыстық іс электронды формата келіп түскенін және барлық сот отырыстары бейне-дыбыс құрылғыларын қолданумен өткізілетінін айтты.  

      Сонымен қатар, 2020 жылы заңдылықты бұзу да денқою шарасы ретінде сотпен 6 жеке қаулы және ұйғарым, оның ішінде 2 жеке ұйғарым азаматтық іс бойынша және 4 жеке қаулы әкімшілік іс бойынша шығарылды.

      Анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша сот мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын осы нақты шешімдерге аударады.

      Баспасөз-конфернциясын өткізу кезенінде сот төрағасының м.а. Е.Қалкен қатысушыларға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде түсіндіру жөніндегі Медиа-жоспары шеңберінде жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

   Сонымен қатар, Кодекс Әкімшілік рәсімдермен және жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын атап өтті.

     Баспасөз конференциясы барысында қатысушылар арасында тақырып бойынша басқада сұрақтар талқыланды, ал тілшінің көкей-кесті сұрақтарына сот төрағасының м.а. Е.Қалкенбен жан-жақты жауаптар берілді.

 

 

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы