Майский район

Меню

Страницы

Статья

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді павлодарлықтар смартфондары арқылы ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады.

 

QR-код арқылы, мысалы,  жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады.

«Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық  халыққа қызмет көрсету орталығына  орнаттық», - деді мемлекеттік корпорацияның Павлодар облысы бойынша филиал директоры Фархат Әлімов.

Азаматтар ХҚО-да мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады.

Енді азаматтар қандай бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы