
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, жерге орналастыру жобасы негізінде, Май ауданы әкімдігі қаулысымен Май аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Осы бірлескен қаулымен шешім Май ауданының Май ауылдық округіндегі елді мекендер шекарасының (шегін) белгілеу мақсатында қабылданады.
Қаулымен шешім жобасы қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.