Онлайн режимде құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді
Май аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған уақыттағы өзара байланысқа және сотқа жолданған әкімшілік істерді рәсімдеу сапасына қатысты сұрақтарды талқылау» атты тақырыпта онлайн-дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысында сот төрағасының м.а. судья Е.Қалкен, судья Г.Е.Хамитова, кеңсе меңгерушісі Д.Т.Сағымбаев, Май ауданының прокуроры А.Б.Тезекбаев, Май аудандық ПБ басшысының орынбасары Е.Ақкезенов, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.Тортаева қатысты.
Нақты іс шараның мақсаты болып әкімшілік іс бойынша айғақтарды жинау және оларды рәсімдеу тәртібі болып табылады. Қаулыны ҚР ЖС нұсқаулығына сәйкес рәсімдеу тәртібіне ерекше назар аударылды.
Судья Г.Е.Хамитова әкімшілік істерді қараған уақытта кездесетін көкейтесті сұрақтарға тоқталып, сонымен қатар іс бойынша айғақтарды жинау және рәсімдеу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар сот төрағасының м.а. Е.Қалкен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша өндіріс қатай түрде ҚР ӘҚБтК-ң талаптарына сәйкес болу қажет екенін атап өтті. Заңның процессуалдық тұрғыда бұзылуы, айғақтардың жеткіліксіздігіне, заңдық күшінің болмауы сияқты салдарға әкеліп соғады, осыған байланысты әкімшілік істер құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартылады.
Іс шара кезінде Май аудандық прокуроры А.Тезекбаев және ПБ басшысының орынбасары Е.Ақкезенов баяндама жасады, өз сөзінде олар құқықтық татуласу тәжрибесі бойынша көкейтесті сұрақтарын көтерді.
Дөңгелек үстел аяқталған соң ары қарай өзара байланыс жасау бойынша нұсқаулық жасалды.