
Май аудандық соты Х азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 461 бабы бойынша әкімшілік іс қарады.
Іс-бойынша; 2021 жылдың 14 қаңтарында азамат М-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Май аудандық ІІБ-ң ЖПҚ-ң учаскелік полиция инспекторымен Х-деген азаматшаға 30 тәулік мерзіміне қорғау нұсқамасы жазылды.
Алайда, 2021 жылдың 22 қаңтарында азаматша Х өз үйінде жанжал шығарып, бірге тұратын бұрынғы күеуы М-бен жанжал шығарып, былапыт сөйледі. Сөйтіп, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзды.
Сот қаулысымен азаматша Х. ҚР ӘҚБтК 461 бабы бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған әкімшілік жаза ретінде ескерту түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.
Қаулы заң күшіне еңген жоқ.