Майский район

Меню

Страницы

Статья

Заңды талапты орындамаған үшін -әкімшілік қамақ

Павлодар облысы Май аудандық сотымен азамат А-ға қатысты ӘҚБтК-ң 613 бабы тоғызыншы бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды. (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару).

          Іс құжаттарынан 2021 жылдың 26 қаңтарында 13 сағат 17 минуттер шамасында азамат А. Май ауданы Көктөбе ауылы Май аудандық ауруханасының ғимаратында  ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің талаптарын орындамаған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден  жалтарған деп көрсетілген, осы әрекетімен ол Қазақстан Республикасы жол қозғалыс ережесінің (ары қарай-ЖҚЕ) 2 бөлігі 1 тармағы 4 тармақшасының талаптарын бұзған, яғни ӘҚБтК-ң 613 бабы 9 бөлігінде көрсетілген әкімшілік жауапкершілікке   тартылған.

         Сот отырысында құқық бұзушы А. жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы бойынша кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінген, сонымен қатар ол ішкі істер бөлімі қызметкерінің талаптарын орындамағанын атап көрсетті. 

         Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ӘҚБтК-ң 613 бабы 9 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, және оған қатысты 25 (жиырма бес) тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалған.  

        Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
03 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі мамыр аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы